Елімізде грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Қалижан Бектемір

Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық жоғары оқу орындары қашаннан бастап құжат қабылдайтыны туралы күнтізбе жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ведомство құжат қабылдаудың қашан басталатынын және емтихандар қашан өтетінін мәлімдеді:

  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;

  • "педагогикалық ғылымдар" және "денсаулық сақтауға" түсушілер үшін арнайы емтихандар өткізу 20 маусым – 20 тамыз;

  • шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым – 10 тамыз;

  • шығармашылық емтихандардың өткізілуі 7 шілде –15 тамыз;

  • білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13 – 20 шілде;

  • грант иегерлерінің тізімін жариялау 10 тамызға дейін.