Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді

Ulysmedia

Бұған дейін әуежайда жөндеу үзілісін 1,5 сағатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданған, деп  хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Астана әуежайы түнде қайтадан әуе кемелерін қабылдамайды және ұшырмайтынын  елорда әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жөндеу жұмыстарына байланысты әуеайлақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00 – ден 6.00-ге дейін әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін уақытша жабылады", - деп хабарлады әуежайда.

Бұған дейін

Әуежай басшылығы әуе тасымалдаушыларының сұранысы бойынша әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу жұмысының технологиялық процесін оңтайландырғанын хабарлаған.

Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе тасымалына 14 маусымынан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30–ға дейін) ұзартылады.

Жұмыс кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді, кейіннен ұшу-қону жолағына көшу арқылы әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.