Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті

Қалижан Бектемір

Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан Ecotrans Ladies Open турнирінің екінші айналымында WTA рейтингінде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметованы 6:4, 7:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: eurosport.fr

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.

Қазақстандық жекелей кездесудегі есепті еселей түсті - 5:0.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен кездеседі.

Еске салсақ, 17 маусымда теннисші 25 жасқа толды. Туған күнімен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.