Ақтөбе облысында дельтапланмен ұшқан азамат көз жұмды

Сырым Қаржас

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дельтапланмен ұшқан азамат көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

шартты сурет

Ақтөбе облысындағы қайғылы жайт

Көлік министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі «Дельтаплан» аппараты апатқа ұшыраған.

– Дельтаплан ұшқышы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді, – делінген миинистрліктің хабарламасында.

Қызылорда облысындағы оқиға

21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонған. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады.