Астананың алып ғимаратындағы өртті 70-тен аса өрт сөндіруші өшіруде

Сырым Қаржас

Бұл туралы ТЖМ ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

– Нақтыланған мәліметтер бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы өртеніп жатыр. Үшінші дәрежелі өрт сөндірушілер сол жерде жұмыс істейді. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылды. Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үйге арналған. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуация жүріп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлайды ТЖМ.

Астанада алып тұрғын ғимарат өртеніп жатқанын бұған дейін хабарлаған едік.