22 маусым күні кешке Тараздағы бесінші шағын ауданда жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарады.. Кадрларда бір сәтте көшеде жарылыс болып жатқанын көруге болады, жан-жағында адамдар қаша бастайды.
Жамбыл облысы ТЖД-да жарылыс жер астында, бесінші шағын ауданда, №26 үйдің жанында болғанын хабарлайды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
"QazaqGazAimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласының Қарасу шағын ауданында қатты жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Зардап шеккендер жоқ. "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жарылыс орнында газ құбыры өтпейтінін, жарылыс басқа себептермен болғанын, себептері анықталып жатқанын хабарлайды", – деп хабарлады QazaqGaz Aimaq.
Компания алдын-ала болжам бойынша жер асты жоғары вольтты электр желісі тұйықталуынан жарылыс болғанын жеткізді.