Теннисші Юлия Путинцева көгалдағы алғашқы титулына қол жеткізді

Ерик Ильясов

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева кезекті жеңісіне жеткізді, деп хабарлайды Ulys Sport.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Англияның Бирмингем қаласында өткен WTA250 санатындағы турнирдің финалында Аустралия спортшысы Айла Томляновичті 6:1, 7:6 есебімен ұтып, мансабындағы үшінші титулын жеңіп алды.

Бұл жеңісі үшін жерлесіміз 250 ұпай алады.