Танымал актриса Жәния Джуринская ауруханада ұлының қырқынан шығару рәсімін өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол жариялаған видеодан дәрігерлердің ырымдар жасап, баласына тілегін айтып жатқанын көруге болады.
Ұлымыз екеуміз ауруханаға түстік. Шынымды айтсам, мен қатты қорықтым. Бірақ, бақытымызға орай, бәрі артта қалды. Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерінің арқасында жазылып шықтық. Олар Зейіннің қырқынан шығару рәсімін ауруханада ұйымдастыруға көмектесті. Палатада жатып, қырқымыздан шықтық. Олар бізге жан-жақты қарап, емдеп, жазып берді. Тіпті аластап, жаман энергиядан тазалап берді. Адам өмірін құтқаратын мамандық иелерінің еңбегіне баға жетпейді, – деді актриса.