Шығыс Қазақстанда 6 орман өрті тіркелген

Ulysmedia

Өңірде құрғақ және ыстық ауа райының басым болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында  6 орман өрті тіркелген. Оның аумағы 0,3 гектарды құрады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықталған.

Қазір облыста Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәреже – Өскемен, Риддер, Күршім ауданы және Самар өңірінде.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» қаулысы бар.

  • ашық отпен абай болыңыз
  • отын жағуға болмайды
  • шөпті күйдірмеңіз

 Өрт анықталса, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.