Доллар 2023 жылдың қарашасынан бері рекорд деңгейінде қымбаттады

Сырым Қаржас

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда валюта саудасының көлемі де өсіп, 241,2 млн долларды құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының хабарлауынша, доллар 2023 жылдың қараша айынан бері алғаш рет бір доллар құны 467,21 теңгеге жетіп, өсімін жалғастырып келеді. 

– Сауда көлемі де өсіп, 241,2 млн долларды (+54,9 млн) құрады. Қазір сұраныс факторларының қатарында демалыстың белсенді маусымының өтуін, сыртқы борышқа қызмет көрсету, импорттық жеткізілімдерге ақы төлеу қажеттілігін, сондай-ақ бірқатар инвесторлардың теңгелік активтерден шығуын атап өтеміз, - делінген басылымда.

Сонымен қатар, шілдеде Ұлттық қордан трансферттерді айырбастау көлемі бағамға айқындаушы әсер етуі мүмкін деп күтілуде.

Қор нарығы

Сондай-ақ, KASE индексі 5 107,0 пунктке (+0,21%) дейін өскені хабарланды. "Нарық жаңа драйверлердің болмауына (дивидендтер төлеу маусымы аяқталды) және белсенді демалыс маусымына байланысты төмен өзгерістерді көрсететіні анық, деп жазады сарапшылар.

Мұнай

Мұнай бағалары сейсенбіде барреліне 85,0 долларға дейін төмендеді (-1,2%). 

– Баға белгілеулеріне қысым доллар индексінің өсуі (+0,19%) және АҚШ-тағы шикізат қорының нарықтық күтулерге қатысты өсуі туралы күтпеген деректер болуы мүмкін. Мәселен, өткен аптада бұл көрсеткіш нарықтың 3,0 миллионға (API деректері) төмендеуін күтуіне қарсы 0,9 миллион баррельге өсті, - делінген басылымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін сауда-саттық көлемінің төмендеуі шеңберінде теңге әлсірей беретіні хабарланған болатын. 

Сондай-ақ, USD/KZT бағамының өзгеруі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Ұлттық қор активтерін "Қазатомөнеркәсіп" акцияларына инвестицияйтыны жөніндегі жаңалықтар аясында күрт төмендеді.