Шахтадағы қателік. Qarmet кенішінде қауіпсіздік ережелері бұзылған

Ғалиасқар Думан

Qarmet кәсіпорнының шахталарының бірінде 8 тармақ бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Олар жоспардан тыс тексеру кезінде анықталды. Оны жүргізген ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті.

Шахта 13 маусымнан 26 маусымға дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуына тексерілді.

"Кәсіпорынның негізгі қызметі жерасты тәсілімен көмір өндіру. Профилактикалық бақылау барысында төрт нысан тексеріліп, ҚР заңнамасы талаптарының сегіз бұзушылығы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды", – делінген хабарламада.

Шахта өкілдеріне Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар, оның ішінде: көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде және қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Трагедия

2023 жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко шахтасында 46 адамның өмірін қиған жарылыс болды. Қайғылы оқиға бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларды жан-жақты көмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.