Астаналықтар, кешігіп қалмаңыздар. Тағы бір көшеде жол учаскесі уақытша жабылады

Айнель Аянова

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Астанада Байтұрсынов көшесі жартылай жабылады. Бұл туралы Астана қаласының  көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы йатты. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Аманжолов көшесі тарапынан Тәуелсіздік даңғылына қарай 27 маусым сағат 21.00-ден 28 маусым сағат 9.00-ге дейін қозғалыс шектеледі.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептелісті болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін

Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейтіні белгілі болған

Саммитте не талқыланады

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.