Астанада заңсыз жұмыс істеген 500-ге жуық шетелдік ұсталды

Ғалиасқар Думан

Оның ішінде 26 шетелдік Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер саяжайларды, құрылыстарды, базарларды, шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін тартатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерген.

Бір аптаның ішінде елордада Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған және 500-ге жуық шетелдікті анықталған.   28 жұмыс берушіні шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ осы уақыт ішінде елден 26 шетелдік мәжбүрлі түрде елден шығарылған. Олардың барлығы  енді Қазақстанға алдағы бес жылда кіре алмайды.

"Көші-қон жағдайын талдау шетелдіктердің елге заңды түрде кіретінін көрсетеді, алайда кейбір жағдайларда көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарына ауысады. Бұзушылықтардың едәуір бөлігі шетелдіктерді бұл үшін рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты", - делінген хабарламада.

 Рейд кезінде полицейлер рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген Өзбекстанның тоғыз азаматын анықтаған. Сот шешімімен оларға 25 АЕК айыппұл салынды, бұл 92 300 теңгеге, ал жұмыс берушіге салынған айыппұл 30 АЕК немесе 110 760 теңгеге тең.