Нидерландыда қартайған ерлі-зайыптылардың бір күнде келісіп өлу жайттары жиілеген. Ол елде ерлі-зайыпты екі адам дәрігерлерге өтініш жасап, өлімге әкелетін препаратпен егіліп, көз жұмады. Нидерландыда бұл "дуоэвтаназия" деп аталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап. Журналистер бұл мақала кейбір оқырманның көңіліне ауыр тиіп, жанын жаралауы мүмкін екенін ескертеді.
Агенттік сондай ерлі-зайыпты – Ян мен Эльстің өмірін баяндап жазады. Екеуі жарты ғасырға жуық уақыт бақытты ғұмыр кешкен. Биыл маусым айының бір күнінде дәрігерлерге өтініш жасап, өлімге апарып соғатын препаратпен егіліп, екеуі бір сәтте өмірмен қоштасқан.
3 маусымда ерлі-зайыпты Ян мен Эльстің туған-туыстары, достары хосписке жиналған.
– Дәрігерлер келмей тұрып, екі сағат бұрын біраз адам жиналды. Біз өзара естеліктерді айтып, музыка тыңдадық. Эльс Travis тобының орындауындағы Idlewild әнін тыңдады. Ян Битлздың Now and Then әніне құлақ түрді. Соңғы жарты сағат бәріне ауыр тиді. Дәрігерлер келді де, хаттама бойынша жылдам әрекет етті. Бірнеше минут ішінде бәрі болып кетті, – дейді олардың ұлы.
Елдегі заңды процедура
Бұл процедура Нидерландыда заңды. Жыл сайын голландтық отбасылардың осы жолмен өмірмен қоштасуды көбейген. Егер ерлі-зайыптылар бірге өмірден кетуге ниет білдірсе, дәрігерлер бұл шешімнің өзара келісіммен жасалғанына әрі серіктестердің ешқайсысы екіншісіне ықпал етпейтініне сенімді болуы керек.
9 мың адам эвтаназияны таңдаған
2023 жылы Нидерландыда эвтаназиямен 9 мыңнан астам адам көз жұмған. Бұл сол елдегі өлімнің жалпы санының шамамен 5%-ы. Оның ішінде 33 жұп (яғни 66 адам) ерлі-зайыптылар.
– Көп дәрігер тіпті деменциямен ауыратын науқасқа эвтаназия жасау туралы ойлағысы келмейді, — деп сендіреді Розмарин Ван Брухем, гериатрия профессоры (кәрілік ауруларын зерттейтін ғылым) әрі Роттердам Эразм медицина орталығының этика бойынша сарапшысы.
Мұндай процедураға дәрігерлердің келісімін алу әдетте оңай емес, бірақ егер серіктестердің бірі деменциядан зардап шегетін болса, жағдай одан да күрделене түседі, бұл адамның оған келісім беру қабілетіне күмән келтіреді.