Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ерекше қажеттілігі бар адамдардың жайлы жол жүруі үшін биыл тағы 14 вагон сатып алу жоспарланған. Оның жетеуі бүгінгі таңда пайдалануға берілген.
Жаңа вагондар «Қызылорда – Семей», «Павлодар – Түркістан», «Ақтау – Ақтөбе» бағыттарында қолданылып келеді.
Былтыр арнайы орындары бар 11 инва-купе сатып алынған. Жалпы Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы вагондары бар 110 құрам қатынайды. Жеке тасымалдаушылар тарапынан тағы үш жаңа бағыт бойынша арнайы вагондар берілмек.
Вагондардағы купе алаңы ұлғайтылып, арнайы көтергіш механизмдер орнатылған, жолсеріктерді шақыру түймелерімен қайта жабдықталған.
Ал өңірлерде жалпы автопаркі 760-қа жуық мамандандырылған машинадан құралған 119 инватакси қызметі жұмыс істейді.