Wimbledon-2024: Бублик жарысты жеңіспен бастады

Ерик Ильясов

Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Ұлыбританияның астанасы Лондонда өтіп жатқан Үлкен Дулыға турнирінің алғашқы айналымында қарсыласы Якуб Меншикті ұтып, жарыстың келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Ulys Sport.

Бес сетке созылған тартысты матчта жерлесіміз бірінші екі сетте жеңіліп жатқан еді. Алайда соңғы үш сетті өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп 4:6, 6:7 (2:7), 6:4, 6:4, 6:2.

Үшінші айналымға жолдама алу үшін француз Артур Казомен шеберлік байқасады.

Уимблдонның бірінші күні тағы бір жерлесіміз, Қазақстан құрамасына биыл қосылған Александр Шевченко ойнады. Француз спортшысы Уго Умбермен бес сеттік кездесу өткізіп, 1:6, 6:4, 6:7(2:7), 7:6(7:3), 1:6 есебімен жарыстың жекелей сынанан шығып қалды.

Ертең, яғни 2-ші шілдеде кортқа Елена Рыбакина алғашқы айналымда румыниялық Гаюриэла Руземен кездессе, Юлия Путинцева бірінші матчын 2018 жылғы Уимблдонның жеңімпазы  Анжелик Керберге (Германия) қарсы өткізеді.

Төрт Үлкен Дулыға турнирлерінің ең көнесі болып саналатын Уимблдон турнирі биыл 137-рет ұйымдастырылып отыр.