Gorilla Energy Kazakhstan компаниясы Gorilla Drift Championship басшысы Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан видеосына түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Gorilla energy бұл оқиға 2 маусымда республикалық драг-жарыс турнирінің кезеңі кезінде болғанын хабарлады.
– Gorilla energy осы спорттық іс-шараның ресми демеушісі әрі ұйымдастырушысы емес екенін ескере отырып, біздің пікір қосқанымыз дұрыс болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ, Артем Чекменев Gorilla energy компаниясының ресми бренд-елшісі емес екенін хабарлаймыз, өйткені онымен келісімшарт 2021 жылы аяқталған. Қазір тараптарда өзара міндеттеме жоқ, - делінген хабарламада.
Компания Артем Чекменевтің Gorilla Drift Championship жарысын ұйымдастырушылардың бірі екенін растады.
– Қазіргі жағдайларды ескере отырып, біз Артем Чекменевті осы оқиғаны ішкі тергеу аяқталғанға дейін Gorilla Drift Championship пен біздің брендке қатысты басқа да спорттық іс-шараларды өткізуде барлық ұйымдастырушылық мәселелерден уақытша шеттету шешім қабылдадық, - деп хабарлады компания.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан видеосы талқыланған еді.