Ажар Салықова Ташкентте өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ақтық сында отандасымыз украиналық Юлия Хребеножкоға 0:1 есебімен жол берді.
Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін бесінші медаль болды. Бұған дейін Рахат Жананиет пен Гүлдана Әлмұханбетова алтын, Райхан Мәди күміс, Болатбек Райымқұлов қола жүлдегер атанды.