«12 рет пышақтап өлтірді»: Алматы облысында қылмыстық іс қозғалды

Ғалиасқар Думан

Алматы облысының Есік қаласында жан түршіктірер кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Baltphoto

4 шілдеде әлеуметтік желілерде Есіктегі жанармай құю станциясының аумағында көлікте сөзге келіп қалған бір адамның екіншісіне 12 рет пышақ салғаны туралы ақпарат пайда болды. Нәтижесінде 1995 жылы туған адам оқиға орнында көз жұмған. 

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.

«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.​​