Жетісу облысында 25 миллион теңге ұрлаған күдікті қамауға алынды

Айнель Аянова

Жетісу облысында 25 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

«Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Ақшаны қайда жұмсағаны туралы сұраққа жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып жауап берді», - деді Қоскөл АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.

Polisia.kz хабарлауынша, күдікті қызмет бабын пайдаланып, қолма-қол ақшамен жоғалып кеткен. Тексеру кезінде 25 миллион теңгеден астам сома жетіспейтіні анықталған.

«Биыл сәуір айында Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамдардың бірінің өкілінен ірі көлемде ақша қаражатын ұрлау туралы арыз түсті. Өз өтінішінде ол аталған компанияның аудандық филиал директорының орналасқан жерін анықтауды сұраған. Ол кассадан ірі соманы алып, белгісіз бағытта кетіп қалған», - деді Мақашев.​​