Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған. Ол аялдаманың бірінде терезені сындырған.
«Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.