Соғыстың соңғы солдаты: аңызға айналған ардагер Ізгілік Дабаев 102 жасқа толды

Сырым Қаржас

Бүгін Екінші дүниежүзілік соғыста жеңісті жақындатуға үлес қосқан, аты аңызға айналған соғыс ардагері Ізгілік Дабаев 102 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі

Осы қуанышты сәтке орай, Алматы қаласы, Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері соғыс ардагері Ізгілік Дабаевты 102 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды.