Қазақстанда есімі Астана деп қойылған 24 адам бар. Олардың көбі, яғни 17-сі ер адам, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Есімі ерекше қазақстандықтар негізінен Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары.
Сондай-ақ елімізде Астана атауына қатысты бұдан өзге де есімдер бар екен. Атап айтсақ, Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.