Бүгін - Ұлттық домбыра күні

Сырым Қаржас

Бүгін, 7 шілде елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Домбыра күні жыл сайын шілде айының алғышқы жексенбісі күні аталып өтеді. Мерекелік күн 2018 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген.

Осы айтулы күнге байланысты бүгін ел аумағында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мәселен Астана қаласында мерекелік концерт ұйымдастырылғалы отыр және оның басты ерекшелігі жаппай күй тартыс болғалы тұр.

Домбыра – қазақтың үні. Халқымыздның киелі аспабы домбыра – жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың бірі. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-Әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Басынан небір қилы заман өтсе де, жаугершілікті бастан өткеріп, бодандық қамытын кисе де төл аспабы қолынан түспеді. Одан тараған қоңыр үн халық жадында тарих боп қатталып, шежіре боп шертілді.