Астана қаласында қалалық полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысына байланысты жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабардар етті.
«Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша магистральдардың жүру бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын
жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойындағы жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі», делінген хабарламада.
Осыған байланысты 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату жұмыстарын жүргізу үшін жол қозғалысында ішінара шектеу болады.
Бұл ретте Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылып қосылу жолы жабылады.