Жекеменшік балабақшада 4 жасар бала септикке түсіп көз жұмды

Ulysmedia

Атырау облысындағы балабақшаның бірінде 4 жасар бала септикке батып көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixebel

Қайғылы оқиға Құрсай шағын ауданындағы "Чебурашка” жеке балабақшасында болды. Серуендеу кезінде төрт жасар бала кәріз шұңқырына, яғни, септикке құлаған. Қазіргі уақытта құзыретті органдар барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Мәйітті септиктен балабақша қызметкерлері алып шыққан. Атырау облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, — делінген хабарламада.