«Көлсай көлдері» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енді

Гулназ Ермаганнбетова

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

15 қыркүйекте ЮНЕСКО қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды, деп жазылған хабарламада.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.