АҚШ-та 13 шілде күні елдің бұрынғы президенті Дональд Трамптың Пенсильвания штатында өтіп жатқан сайлауалды үгіт-насихат митингі кезінде атыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Трамптың дәл өзіне қарата атылған оқтан ол жеңіл жарақат алды. Экс-президент мінберден шыққан кезде оның бетіне қан аққаны көрінді. Видеодағы мылтық дыбыстары оның пневматикалық қарудан атылғанын айғақтайды.
Біршама уақыттан кейін Трамп байланысқа шығып, құлағы ғана жараланғанын және көп қан жоғалтқанын жеткізді.
“Маған ұшқан оқ оң жақ құлағымның үстіңгі бөлігін тесіп өткен. Бірнәрсе дұрыс емес екенін бірден түсіндім. Мен оқтың ысқырған дыбысын, атыстарды естідім және бірден оқтың теріні тесіп өткенін сезіндім. Біраз қан кетіп жатты, мен не болып жатқанын содан кейін барып түсіндім», - деп жазды Трамп.
Пенсильванияда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандық кезінде екі адам қаза тапты. Олар трибунадағы көрермендердің бірі және шабуылшының өзі. Қаскөйді Трампты күзетіп тұрған Құпия қызмет офицерлері атып өлтірді.