Маңғыстаулық ер адам әйелін пышақтап тастаған

Сырым Қаржас

Маңғыстау облысында көпшіліктің көзінше әйелін ұрып-соғып, пышақтап тастаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтап тастағаны туралы бейнежазба тарады. Оқыс оқиға Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылындағы “Рахат” супермаркетінің алдын болған.

Желіде пайда болған жантүршігерлік оқиғаның видеосында қолында пышағы бар ер азаматтың айналасындағыларға агрессия танытып, жерде қансырап жатқан әйелді теуіп жатқаны анық көрінеді.

Жергілікті полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ «кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Зардап шегіп, қансыраған әйел Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.