Қарағанды облысында болған көлік апатынан 5 адам қаза тапты

Сырым Қаржас

Бүгін Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды облысы, Ақшатау кентінің маңындағы учаскесінде болған жол апатына қатысты жаңа деректер шықты. ЖКО салдарынан 5 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

КазТАГ

Жол-көлік оқиғасы Ақшатаудан 30 шақырым жерде болған.

“Қарағанды ​​облысында автобус пен микроавтобус соқтығысып, бес адам қаза тапты”, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Соның салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 11 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Жергілікті полиция сондай-ақ аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары тағайындалғанын жеткізді. Тергеу шаралары қолға алыныпты.