Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы миллиардер телеграм арнасында жазған.
Жақында мен Орталық Азияның экономикалық орталығы – Қазақстанға бардым. Астана, Алматы, Бурабай және Шарын шатқалдарында болдым. Қазақстан сұлулығымен оның амбициясы ғана бәсекелесе алады. Ел бизнеске қолайлы саясатпен және қолайлы салықпен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартып отыр. Ел сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім беру мен ғылымдағы жетістіктерін жақсартқан екен, - дейді кәсіпкер.
Павел Дуровтың сөзінше, Telegram мессенджерін 20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы қолданады. Бұл былтырмен салыстырғанда 25 пайызға көп.
Біз Қазақстан халқы үшін негізгі коммуникациялық алаң ретінде қызмет ететінімізді мақтан тұтамыз. Сондай-ақ, оның қарқынды экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деп үміттенеміз, - дейді Дуров.