Найзағай ойнап, нөсер жауса да аптаптың беті қайтпайды

Әлихан Асқақ

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашынды күн райына республиканың көп өңірінің циклонның ықпалында болуы әсер етеді.

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 17-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін ысиды.