2024 жылы Қазақстан қанша газ өндіреді?

Ulysmedia

Қазақстан Энергетика министрлігі биыл 60,5 миллиард текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

"Өткен жылғы көлеммен салыстырғанда өсім 2,3% құрайды. Сонымен қатар, бірінші жарты жылдықта 30 миллиард текше метр газ алынды. Бұл жылдық жоспардың 50% құрайды", – деді ол.

Министрдің сөзінше, негізгі өсім Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындары есебінен болжанып отыр.

"Тауарлық газ өндірісі өткен жылғы деңгейде – 29,8 миллиард текше метр көлемінде қалады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Бірінші жарты жылдықта 14,9 миллиард текше метр газ өндірілді. Бұл биылға жоспарланған көлемнің 50% құрайды, дейді министр.

"2024 жылға болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд м3 құрайды. Сұйытылған мұнай газын өндіру жоспары да өткен жылғы деңгейде қалып отыр – 1,6 млн тонна. Бүгінгі күні 0,8 млн тонна немесе 53,3% өндірілді", - деді Сәтқалиев.

Министр Үкімет отырысында газ өндірудің тұрақты өсіп келе жатқанын, бұл газ саласының қарқынды дамуын көрсететінін атап өтті.