Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Әлихан Асқақ

Ақтау қаласының әкімі болып 46 жастағы Әбілқайыр Байпақов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

2023 жылдан бері ол Маңғыстау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған.

Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен деді облыс әкімдігі.

Мамырда Маңғыстау облысында бүкіл күштік құрылымдардың басшылары мен облыс әкімі аяқ астынан қызметтен алынған еді.