Астанадағы «Ажар» сауда орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы сәтте Астана қаласының құтқарушылары Байқоңыр ауданындағы "Ажар" сауда үйіндегі өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда – делінген ТЖМ ақпаратында.
Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.
Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ. Өрт алдын ала 80 шаршы метр алаңда оқшауланды.