Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге қатысты жауап қатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕЙ, ПЕНДЕМ!
Актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу, жала жабу деп есептейтін көрінеді.
Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат, – деп жазды Азамат Сатыбалды.
НАРАЗЫЛЫҚ
Айта кетейік, «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық танытқан болатын. Себебі мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.