Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Ulysmedia

Алматыдағы бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі болған спорт мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж: Ulysmedia

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талабы бойынша 1,2 млрд теңге құны бар мемлекеттік мүліктің мемлекетке қайтарылғаны хабарланды.

17 шілдеде қаланың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату мәмілесін жарамсыз деп тану туралы шешімі күшіне енді.

"Сотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету түріндегі заң бұзушылықтар расталды", - делінген хабарламада.

Мектептің 7,6 мың шаршы метр әкімшілік ғимараттары, спорт залдары мен басқа да құрылыстары, сондай-ақ 4,9 га жерден тұратын мүлкі Арыстанбек Мұхамедиұлы аффилирлеген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелігінде болған.

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ІСІ

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар Ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 6 жасар қызы бар, жалғызбасты Айым Сәдуақасованың баласы Сәдуақасованың туыстарының біріне немесе қамқорлық мекемесіне тапсырылатын болды.

ПАРА БЕРУГЕ ӘРЕКЕТ

13 ақпанда экс-министрінің қамау мерзімі ұзартылып, ол аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасағаны үшін үкімі 8 жылдан 11 жылға ұлғайды. Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен алты айға бас бостандығынан айырылды.