Арыстан сату ісі: Қарағандыдағы хайуанаттар бағы қызметкерлерінің соты басталды

Сырым Қаржас

Қарағандыда өткен жылы жаңа туған арыстанның абданын сатпақ болған үш зообақ қызметкеріне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысытық ПД

Жергілікті басылымдар «Қарағанды ​​мемлекеттік хайуанаттар бағы» директорының орынбасары мен екі жұмысшы сот залында отыр деп жазып жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, олар сатып алушыларға 6 миллион теңгеге сату үшін арыстанның күшігін хайуанаттар бағының сыртына картон қорапқа салып шығарған.

Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз ұстау) және ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша айып тағылған.

Екі айыпталушы өздеріне тағылған айыпты мойындамады, біреуі ішінара мойындады. Істі Қарағанды ​​қаласы Қазыбекби аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев қарап жатыр.

Еске сала кетсек, зообақ қызметкерлері өткен жылы ұсталған болатын. Полиция жануарларды заңсыз сату әрекетінің жолын кескендерін хабарлаған.

Анықтама:

Абдан – арыстанның күшігі