Қазақстандық автобус Ресей жерінде өртеніп кетті

Сырым Қаржас

Астанадан шығып, Моңғолияға бара жатқан қазақстандық жолаушылары бар автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Алтай Республикасы ТЖМ Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, Шу трактісі автожолының 720-шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілде күні таңғы сағат 06:13-те түскен. Автобус Астана-Баян-Өлгей (Моңғолия) бағытымен келе жатқан.

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмеді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", – делінген хабарламада.