Президент мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке меншікке беруге тыйым салды

Аян Өрібай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке меншікке беруге тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Елімізде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне және қосымша білім алуына жағдай жасалуда. Алайда мемлекеттік мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке адамдар иеленіп жатыр. Әсіресе оқушылар сарайы мен музыка мектептеріне, балабақшаларға көз тігушілер көп. Бір оқиға жуырда Алматыда болды. Бұған мүлде жол бермеуіміз керек. Үкіметке мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке меншікке беруді заң жүзінде шектеу қоюды тапсырамын», - деді деді президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.