17 шілдеде Алматыда ер адам баланы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зардап шеккен баланың әкесінің үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланды.
“8 жастағы ұлым аулада ойнап жүрген. Ойнап жүріп көрші баламен ерегісіп қалады. Сол көрші баланың әкесі келіп баламды аяусыз, қатыгездікпен басынан 2-3 рет ұрып соққыға жығады. Ұлым алған соққыдан басы айналып құлап, орнынан тұрған сәтте, сол аяғынан самокатпен ұрады,”, – дейді баланың әкесі.
Көшеде өтіп бара жатқан адамдар балаға жақтасып, аман алып қалған. Сол жерде баласымен өтіп бара жатқан әйел баланы агрессиямен ұрып, қорқытып, айқайлап жатқан ер адамды видеоға түсіріп, ұлды үйіне жетектеп алып келген.
“Алынған соққыдан баламның аяғы сынды. Денесі көгеріп, қол аяқтары сырылған. Қатты күйзеліске ұшырады. Ұлым еркін күрестен ҚР турнирлерінің чемпионы. Бапкеріміздің үміт артқан спортшысы. Тізе сынғандықтан, енді спортқа бара алмайды. Баламның болашағың, қаншама тер төккен еңбегін тартып алды”, – дейді баланың әкесі.