Ақтауда баласына алимент төлемей жүрген әке қамауға алынды

Ulysmedia

Ақтауда баласына алимент төлемей келген тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: shutterstock

Оның ұлының алдындағы қарызы үш миллион теңгеден асып кеткен. Прокуратура оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Нәтижесінде ол алты ай түрме жазасына кесілді. 

Айта кету керек, Қазақстанда балаларына алимент төлемеген ата-аналар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.