28 жастағы қазақстандық Ақжан Аңсағанов АҚШ-та өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы журналист Талғат Алман instagram парақшасына жазды. Оқиға 2 қарашада болған.
«Бірнеше күн бұрын Ақжанмен таныстым. Оны осы заманның батыры деуге болады. 2 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының тумасы өз жұмыстарымен кетіп бара жатып көпірден секірмек болған бойжеткенді байқап қалған. Отандасымыз бұл жағдайға бей-жай қарамай, оны суицид жасаудан құтқарып қалды», - деп жазды Талғат Алман.
Видеодан оның өзге куәгерлердің көмегімен өзіне қол салмақ болған қызды тыныштандырмақ болғанын көруге болады.
«Гавайи штатының мэры Ақжанға алғыс айтып, 8 қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағановтың күні деп атады. Арамызда осындай қамқор жандар жүр. Адамдар мұндай кейіпкерлер туралы білуі керек деп ойлаймын», - дейді ол.