Шымкентте анасына қол көтерген полицей қызметінен қуылды

Ulysmedia

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі, қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Сот отырысында полицейдің анасы ұлының қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 

“Сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды», - делінген полиция хабарламасында.