Тағы да «Қазақфильм», тағы да Азамат Сатыбалды

Әлихан Асқақ

"Қазақфильм" 2025 жылы 9 фильмді жарыққа шығарады. Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia

“Қазақфильмнің” қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын түсінемін. Бірақ, біз студияны 5 жылға дамыту стратегиясын жасадық. Оның ішінде Мәдениет министрлігімен кешенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Көрермен келесі жылы жұмыстың алғашқы нәтижесін көре бастайды. Қазір біз 9 фильм түсіріп жатырмыз, оның ішінде 4 фильм – мемлекеттік тапсырыс, 5 фильм демеушілік қаражат есебінен түсіріледі. Алғашқы премьералар 2025 жылдың ақпанынан басталады. Солардың арқасында жақсы касса жинаймыз деген үміттеміз, – деді inbusiness.kz Азамат Сатыбалдының елордада өткен Comic Con Astana фестивалінде сөйлеген сөзін.

Бұған дейін Парламентте кино саласындағы бюджеттің тиімсіз игерілуі сыналған еді.

2016-2022 жылдары Қазақфильмге кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталған.

Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, Қазақфильм ғимаратының алдында наразылыққа шыққан болатын.

Кейіннен Қазақфильм аниматорлардың қордаланған айлығын төлеп беретінін мәлімдеді.