Тараз полицейлері тұтқыннан айырылып қалды

Әлихан Асқақ

Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

zhambyl_police

Оған іздеу жарияланды.

Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң дәретханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.

Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.