Жолаушылар пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетті

Әлихан Асқақ

Ресей Федерациясының Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Куәгерлердің айтуынша, жол апатына теміржол өткелінен өткісі келген КАМАЗ жүргізушісі себеп болған.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер эвакуацияланғанын хабарлады. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп жатыр.

Апат салдарын жоюға 320-дан астам адам мен 100 техника, екі Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, - делінген РФ ТЖМ таратқан хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 100 адам зардап шекті.