Шымкенттегі Мұз сарайы олигарх Сейітжановқа 8 есе арзанға сатылған

Әлихан Асқақ

Прокуратураның мәліметі бойынша, «Спорт сарайын» сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Шымкент прокуратурасы «Спорт сарайының» (қазіргі уақытта Мұз сарайы) мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

НАРЫҚТАҒЫ ҚҰНЫ ҚАНША?

2017 жылы Шымкенттегі «Спорт сарайы» ЖШС-нің 67,09% үлесі жекешелендірілген. 1 миллиард теңге тұратын нысан нарықтық бағадан 8 есе арзан сатылған.

Ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген.

«Спорт сарайы» оңтүстік өңірлердегі қысқы спорт түрлерінен жаттығу өткізетін жалғыз орын болатын. Нысанды жекешелендіру кезінде мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қағидатына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары бұзылған», - делінген хабарламада.

5 жыл ішінде мемлекет «Спорт сарайының» үй-жайларын жалға алуға 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Сот өз шешімімен жекешелендіру нәтижелерін жойды.

МҰЗ САРАЙЫ ҚАШАН САТЫЛДЫ?

2017 жылы Шымкент әкімдігі қаланың ең ірі нысандарының бірін 128 миллион теңгеге сатқан.

Әкімдіктің баспасөз қызметі нысанды «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС сатып алғанын хабарлады.

Ашық дереккөздерден бұл компанияның кәсіпкер Серікжан Сейтжановқа тиесілі екені белгілі.

СЕРІКЖАН СЕЙІТЖАНОВ ТУРАЛЫ

Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің тізімінде 23-орында тұр.

Сейтжановтар отбасына «Оңтүстік» ФТПК тиесілі. Ол арқылы отбасы мұнай өндіруші «Саутс Ойл» ЖШС-нің 51%-ын, Smart-Oil бұрғылау компаниясын, «Стандарт Цемент» зауытын, «КАС-бетон» ЖШС, «Ақ-жол ТрансСервис», «Стандарт Ресурсис» компанияларына иелік етеді.

Сондай-ақ, отбасыға Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan қонақ үйлері, Satti Zhol ЖҚС желісі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Шымкенттегі Инновациялық-технологиялық колледж тиесілі. Кәсіпкер – «Оңтүстік» ФТПК және «Саутс-Ойл» президенті.