Таразда түрмеден шыққан ер адам үйін әйелімен қосып өртеп жіберді

Қалижан Бектемір

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайтыс болған қазақстандықтардың артында балалары қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Pixabay

Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда түрмеден жақында ғана шыққан жергілікті тұрғын үйді әйелімен бірге өртеп жібергенін хабарлады. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

«Жақында түрмеден шыққан 54 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, үйді өртеп жіберген», - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға 31 шілдеге қараған түні болған. Күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды.