ҰҚК 38 адамды ұстап, заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Сырым Қаржас

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚК

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 республика азаматы ұсталды.

Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды.

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.